2 қазан күні Ақсу қ. орталық кітапханасында Еңбек күніне орай «Адам және оның мамандығы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараға Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандықтар әлемі туралы білімдерін кеңейту, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Шара барысында жүргізушілер еңбек пен мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір кәсіптің қоғам өміріндегі рөлін түсіндірді. Оқушылар мамандық таңдауда адамның қызығушылығы, қабілеті мен жеке қасиеттерін ескеру қажеттігі туралы мағлұмат алды.
Интеллектуалды ойын аясында «Блиц – жылдам жауап», «Кімге қандай қасиет керек?», «Мақалды жалғастыр», «Правда или миф?» және «Пазл профессий» атты қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар мамандықтарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, еңбек туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды және әртүрлі кәсіп иелеріне қажетті қасиеттерді анықтады.
Іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, еңбекке құрметпен қарауға және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт берді.






