Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда ана және мемлекеттік тілдерді насихаттауға, тілге деген құрметті арттыруға бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.
Кітапханаларда әдеби және танымдық сағаттар, викториналар, білім аукциондары, библиосауалнамалар мен интерактивті акциялар ұйымдастырылды. Қатысушылар өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысты.
Орталық кітапханада өткен «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл, ұлт, рух» библиосауалнамасы барысында қала тұрғындары «Менің ана тілім – бұл…» сөйлемін жалғастырып, «Ана тілі – бір сөзбен» акциясына қатысты.
Өткізілген іс-шаралар тіл – халықтың рухани мұрасы, ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі және ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы құндылық екенін тағы бір мәрте көрсетті.






