Бүгін: 09.09.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

22 тамыз күні Орталық кітапханада библио-фреш форматындағы «Кітап премьерасы» өтті.

Кездесудің ерекше сәті жерг і л і кт і а қ ын Борис Власовтың «Детство босоногое» атты жаңа жинағымен алғашқы танысу болды. Автор кітап туралы әңгімелеп, жас оқырмандар оның өлеңдерін оқыды.

Сондай-ақ оқырмандар Қабек Сағитовтың «Айқас», Гузель Яхинаның «Зулейха открывает глаза» кітаптарымен танысып, «Оқырман жолы» интерактивіне қатысты.