Бүгін: 09.09.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

7 тамыз Абай күніне орай қалалық жағажайда өткен іс-шарада орталық кітапхана «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» атты интерактивті әдеби арт- экспозициясын ұйымдастырды. Онда келушілер назарына ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай-дана, Абай-дара тұлға» атты кітап көрмесі, «Абайдың сөзі – жүрекке хат» библио-вернисажы, «Абай мұрасы- мәңгілік қазына» атты интерактивті инфограффити стендімен, «Кітапхана Абай әлеміне шақырады » атты QR – маршуты, ұсынылды.

Іс-шара барысында қатысушылар кітап көрмесі, және интерактивті инфографика арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы туралы тың мәліметтер мен танысып, QR-маршрут арқылы ақынның өлеңдері, қара сөздері және қызықты деректер тындады. Абайдың өнегелі мұрасы – ұрпаққа бағыт-бағдар беретін мәңгілік рухани қазына.