Бүгін: 07.06.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі, халқымыздың ұлттық мақтанышы мен бірлігінің нышаны. Әрбір азамат өз елінің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеп, олардың маңызын терең түсінуі қажет.

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Орталық кітапхана қызметкерлері қала тұрғындары арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты блиц-сұрақ ұйымдастырды. Іс-шара «Отанды сүю – еліміздің рәміздерін білуден басталады» ұранымен өтті.

Шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары және олардың мағынасы туралы сұрақтар қойылды. Тұрғындар өз білімдерін көрсетіп, белсенді түрде жауап берді. Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жоғары белсенділік танытқан қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

 

WhatsApp_Image_2026-06-04_at_11.32.05_1.jpeg WhatsApp_Image_2026-06-04_at_11.32.03.jpeg WhatsApp_Image_2026-06-04_at_11.32.03_1.jpeg WhatsApp_Image_2026-06-04_at_11.31.57_1.jpeg