6 мамыр күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған «Төрлет, ерлік пен даңқ мерекесі» атты ерлік сағаты өтті.
Шара майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Шараға ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен Қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу бөлімінің мұрағатшысы Л.В. Тимершина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігі туралы баяндап, құнды тарихи деректермен бөлісті.
Шара аясында ұйымдастырылған танымдық викторинада қатысушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.






