Бүгін: 07.06.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

4 мамыр күні Орталық кітапханада Ақсу қаласының №19 Ақсу қара металлургия колледжінің студенттерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында жүргізушілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен таныстырды.

Кездесуге Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы – капитан Ақашұлы Нұрсұлтан және Ақсу қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Сағынтай Медетхан қатысты. Қонақтар өз қызметтері туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.