Бүгін: 07.06.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

29 сәуірде Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ел бірлігі – басты байлығымыз» атты достық сағаты өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Р. Негманова, қаланың құрметті азаматтары және мектеп оқушылары болды.

Іс-шара барысында Ақсу қаласының этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен әндер шырқалып, күй шертіліп, би ұсынылды.

Сондай-ақ, қонақтардың назарын қазақ, неміс, украин, өзбек және орыс өкілдерінің кітап көрмелері аударды. Экспозицияда әртүрлі халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар, сондай-ақ белгілі жазушылардың көркем шығармалары қамтылды.