Бүгін: 29.04.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

23 сәуірде «Aksu Mаll» сауда орталығында Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтарына және жалпы кітап сүйер қауымына арналған «Кітап Шоу – 2026» кітап фестивалі өтті. Бағдарлама аясында: кітап көрмелері мен буккроссинг, театрландырылған қойылымдар, шеберлік сағаттары, поэзия алаңы, шығармашылық ұжымдардың өнерлері мен танымдық викторина ұйымдастырылды.

Қатысушылар назарына қалалық мектеп оқушыларының дайындаған Роза Мұқанова мен Төлен Әбдіктің туындылары бойынша сахналық қойылым ұсынылды, сондай-ақ «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты ақынның өлеңдері оқылды.

Әлем әдебиеті, балалар әдебиеті, жаңа кітаптар және жергілікті ақын-жазушылардың кітап көрмелері мен кітап инсталляциясы дайындалды.

Шараға Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Р. Негманова, Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Қ. Байманов, зиялы қауым өкілдері, өңір кітапханашылары мен оқырмандар қатысты.

Бұ күні кітапхана ісінің үздіктері қала әкімінің, қала әкімінің орынбасарының, «Аманат» партиясы Ақсу қалалық филиалының құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл фестиваль — кітап пен білімді сүйетін жандардың басын қосқан ерекше рухани мереке болды.