Бүгін: 29.04.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

17 сәуір күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында «Чернобыль. Уақытта қатып қалған естелік» атты еске алу кеші өтті. Шара Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына және Чернобыль апаты құрбандарын еске алу күніне арналды.

Кездесудің басты қонақтары – Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқан К.Ракулова, А.Маслов, Н.Поликарпова болды. Олар жастармен 1986 жылғы оқиғалар туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, өздеріне жүктелген ерлік, қауіп-қатер және жауапкершілік жайында әңгімеледі.

Кештің ерекше атмосферасын Ақсу қаласының ақыны Зоя Качусованың өлеңдері, сондай-ақ бейнематериалдар мен «Чернобыль: тағдырлар, оқиғалар, естелік» атты тақырыптық кітап көрмесі толықтырды.

Шара соңында қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесу апат салдарын жоюшыларына деген зор құрмет пен алғысқа толы болып өтті.