Бүгін: 23.03.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақсу қаласының кітапханасында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті. «Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайту болды.

        Мерекеге «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі, төтенше жағдайлар және әскери комиссариат қызметкерлері, сондай-ақ Қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Студенттер ұлттық ойындарға белсенді қатысып, ептілік пен командалық рухтарын көрсетті. Жеңімпаздар марапатталды.

       Шара Қыдыр атаның батасымен бастау алып, дәстүрлі «шашу» шашылып, ізгі тілектер айтылды. «Алдар көсе» мен «Тазша бала» кейіпкерлері қатысушылармен «Көтермек», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын өткізіп, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Асыл мұра» ҚБ мүшелерінің орындауында халық әндер шырқалып, «Босаға майлау» дәстүрі көрсетілді.

      Сондай-ақ, шара жүргізушілері Наурыз мерекесіне арналған викторина ұйымдастырды, белсенділік танытқандарға сыйлықтар табысталды.

       Іс-шара Наурыз мейрамының мән-маңызын айқындап, қала мәдениетінде ұлттық құндылықтарды насихаттаған маңызды мереке ретінде есте қалды.