Бүгін: 23.03.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күні

15 наурыз күні Орталық кітапхана ұжымы Наурызнама онкүндігінің «Қайырымдылық күніне» орай Ақсу қалалық қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған орталыққа барып, «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шара барысында Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы «Дәстүрді білесіз бе?» танымдық викторинасы, халық даналығынан сыр шертетін мақал-мәтелдерді жалғастыру және халық әндерінен «Әнді тап» сынды ойындар ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш соңында ұйымдастырушылар мекеме тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, дәстүрлі «Наурыз базарлық» сыйын тарту етті.