Бүгін: 11.03.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәуелсіздік — мәңгілік ел тұғыры» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қалалық № 8 орта мектебінің 8-сыныбының және № 4 орта мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық бағдарлама әзірленді.

«Тәуелсіздіктің 35 қадамы» атты квест-ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Оқушылар өз білімдерін тексеріп, тапқырлық әрі командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Сондай-ақ бұл күні балалар әдебиеті бөлімінде оқушыларға  «Білгің келсе – оқы, әлемді кітап арқылы таны» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Мақсаты – кітап оқуды насихаттау және оқушыларды кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстыру.