Бүгін: 24.02.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

 20 ақпанда Орталық кітапханада «Гуляй, Масленица!» атты фольклорлық-ойын бағдарламасы өтті. Мерекелік шара көктемнің жаршысы, халықтың ең сүйікті дәстүрлі мейрамдарының бірі — Масленица мерекесіне арналды.

         Іс-шараға Қара металлургия колледжінің студенттері мен №7 орта мектептің оқушылары қатысты. Қонақтар Масленица апталығының шығу тарихымен, ұлттық ерекшеліктерімен танысып, оның «Встреча» күнінен бастап «Прощённое воскресенье» күніне дейінгі әр күні қалай аталатынын және әр күнге тән салт-дәстүрлерді білді.

        Бағдарлама барысында қатысушылар қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға байланысты славян халқының әдет-ғұрыптарын, мақал-мәтелдерін еске түсірді. Шара қонақтарына көңілді ойындар, «құймақ» эстафеталары, дәстүрлерге арналған викториналар мен жұмбақтар дайындалды. «Родные напевы» хорының орындауындағы әсерлі фольклорлық әндер мерекенің ажарын ашты. «Родники» поэзия клубының мүшелері өз өлеңдерін оқып, жиналған қауымға жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл сыйлады. Мерекелік дастарқан жайылып, қонақтарға құймақтан дәм таттырылды. Іс-шара жарқын, танымдық әрі шынайы мерекелік көңіл-күйде өтті.