Бүгін: 24.02.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

6 ақпанда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мәңгілік ғұмыр» атты поэзия сағаты өтті. Шараға Абай атындағы және Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептердің оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында кітапханашылар қатысушыларды ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен таныстырып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын атап өтті. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның поэзиясы туралы өз ой-пікірлері мен әсерлерімен бөлісті. Кеш барысында ақынның өмір, Отан, махаббат және адамгершілік құндылықтар жайындағы философиялық толғаныстарын бейнелейтін шығармалары оқылды.

Поэзия сағаты қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, оқушылардың ақын шығармашылығы туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті. Іс-шара соңында ақын шығармашылығына арналған «Жырдың гүлін терген ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.