Бүгін: 06.02.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

5 ақпан күні Орталық кітапханада «Ұрпақ тәрбиесі: ұлт аналарының қолында» атауымен «Алып кимешек» ұлттық жобасының қатысушысы, Global Book of Records рекордының иегері, «Қазақ аналары -дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының бас кеңесшісі, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі, ұстаз, журналист, қоғам қайраткері, Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қабидоллақызы Қондыкеровамен кездесу өтті. Сонымен қатар «Қазақ аналары - дәстүрге жол» Республикалық Қ.Б.Павлодар облыс  қоғамының мүшесі, ардагер ұстаз, “Абзал ана” төсбелгісінің иегері Анарбаева Шарида Таукенқызы және  Ақсу қалалық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Ақшолақова Гульжанар Наскенқызы шараның қонағы болды.

Кешке өңірдің зиялы қауым өкілдері, «Ақ ниет» вокалдық ансамблінің мүшелері, колледж студенттері мен оқырмандар қатысты.

Кеш қонақтарына Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.