Ақсу қаласының Орталық кітапханасы 24 желтоқсан күні Қызылжар ауылдық округіне қарасты Бөріктал, Суаткөл және Жаңа-Шаруа ауылдарына арнайы «Көшпелі кітапхана» шарасымен сапар жасап қайтты. Аталған шараның мақсаты - шалғай елді мекен тұрғындарын кітап әлемімен жақын таныстырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапхана қызметкерлері ауыл оқырмандарына көркем және танымдық әдебиеттерді ұсынып, жаңадан түскен кітаптармен таныстырды. Тұрғындар өз талғамына сай кітаптарды таңдап, үйлеріне алып оқуға жаздырыр алды.
«Көшпелі кітапхана» дәстүрге айналып, өзге де елді мекендерді қамту жоспарлануда. Бұл игі бастама кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір болмақ.








