Бүгін: 06.02.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

5 қаңтар күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында дәстүрлі түрде өтетін «Бірінші оқырман күні» акция ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – 2026 жылдың алғашқы оқырманын анықтап, құттықтау. Бұл күні акцияға қатысушыларды кітапхана қызметкерлері тарапынан жағымды тосынсыйлар мен құттықтаулар күтіп тұрды.

Акция сәтті өтіп, оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды және кітап оқуды насихаттауға ықпал етті. Көптеген қатысушылар алдағы уақытта да осындай іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға ниет білдірді.

Кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына Кітап пен Кітапханаға деген адалдығы үшін алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.