Бүгін: 06.02.2026
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

2026 жылғы 21 қаңтар күні орталық кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, алаштанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Алаштың соңғы тұяғы – Қайым» атты тұлғатану сағаты өтті.

Қазақ руханиятының көрнекті өкілінің өмір жолы мен ғылыми-зерттеу еңбектерін кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың тарихи-рухани танымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға қалалық Абай ат. және Алтынсарин ат. жалпы орта білім беру мектептерінің 7-ші сынып оқушылары қатысты.

Тұлғатану сағатында балалар ғалымның шығармашылық мұрасымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен алаштану ғылымына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Шара соңында олар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-пікірлерін қағаз бетіне түсірді.