Бүгін: 20.11.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

14 қараша күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты тарихи-танымдық сабақ өтті. Іс-шараға Ақсу қаласының №4 орта мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты.

Оқушыларға теңгенің қалыптасу тарихына қызықты шолу ұсынылып, ұлттық валютаны жасау мен дамытудың маңызды кезеңдері туралы мәліметтер берілді.  

Іс-шара барысында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар екі командаға бөлініп, тақырыптық сұрақтарға жауап берді, пазл құрастырды және «болашақтың купюрасын» жасады. Оқушылар жоғары белсенділік танытып, қызығушылықпен ойынға қатысты, ал жеңімпаз команда естелік сыйлықтарға ие болды. Ойын балалардың ойында жағымды әсер қалдырған мазмұнды әрі жарқын сәтке айналды.

Шара «Теңге – ұлттық табыстың кепілі» атты кітап көрмесінің таныстырылымымен аяқталды. Көрмеде қазақстандық валютаның тарихы, елдің қаржы саясатын дамытудағы рөлі туралы басылымдар, сондай-ақ алғашқы теңге купюралары қойылды. Кітапханашылар әдебиеттерге кітапханалық-библиографиялық шолу жасап, қонақтарды ең маңызды дереккөздермен таныстырды.