Бүгін: 25.05.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

6 мамырда Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінде балалар үшін нағыз шабыт пен патриотизм мерекесіне айналған «Біз өмір сүріп, есте сақтауымыз керек» шығармашылық байқауы өтті.

Жас көркемсөз шеберлері байқауға үлкен ынта танытып, тың көзқараспен келді. Олар әскери форма киіп, өз өнерлерін музыкалық сүйемелдеумен толықтырды. Бұл олардың қойылымдарына ерекше әсер мен терең мазмұн берді. Әрбір оқылған өлең жүректен шықты – әр сөзден Отанға деген мақтаныш, құрмет пен ерлікпен қаза тапқан батырларымызға деген алғыс сезіліп тұрды.

         Байқаудың басты міндеті балаларды аға буынның ерлігіне, Отанымыздың тарихына, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне оң көзқараспен қарауға патриоттық тәрбиелеу болды.

Ақсуда өткен байқауда қаламыздың мектеп оқушылары жүрек тербетер өлеңдер оқыды. Бұл — соғыс туралы, жанға батқан, жүрекке жеткен жырлар. Уақыт қанша өтсе де, бұл өлеңдердегі адамзаттық қайғы мен азап сезімі бәсеңсімейді. Оқушылардың тебірене оқыған өлеңдері тыңдаған жанның жүрегін елжіретіп, жанарына жас үйірді.

Қазылар алқасы қатысушыларды 5 балдық жүйе бойынша бағалады. Бағалау критерийлері мыналар болды: мәтінді білуі, сауатты сөйлеуі, орындау шеберлігі, көркемдік жүйе мен мәтіннің мағыналық құрылымына терең бойлау, шығарманы таңдай білуі.

Байқау 2 жас санатында өтті: 5-6 сыныптар, 7-9 сыныптар.

5-6 сынып оқушылары арасында жеңімпаз атанды:

1 орынды Ақсу қ. №8 ОМ 6 «Д» сынып оқушысы Какажанова Сабина және Ақсу қ. Абай ат. ОМ 6 «В» сынып оқушысы Хуанышқызы Назерке; 2 орын – Ақсу қ. №4 ОМ 6 «Б» сынып оқушысы Бастрыкин Артем,  Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 6 «В» сынып оқушысы Жиенбекова Амина; 3 орын – Ақсу қ. №7 ОМ 6 «А» сынып оқушысы Хворов Виктор, Ақсу қ. №7 ОМ 5»Б» сынып оқушысы Федянин Дэвид иеленді.

7-9 сынып оқушылары арасында жеңімпаз атанды:

1 орынды – Ақсу қ. Абай ат. ОМ 7 «Ә» сынып оқушысы Абдимуратова Раяна, Ақсу №4 ОМ 8 «Б» сынып оқушысы Мекежанов Әлихан; 2 орын - Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 7 «Д» сынып оқушысы Даншарив Айдана; 3 орын - Ақсу қ. №7 ОМ 8 «Б» сынып оқушысы Лукашевич Дарья иеленді.

Байқау жеңімпаздары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал қалған қатысушылар алғыс хаттар алды.