Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

1 наурыз Алғыс айту күні Орталық кітапханада «Алғыс айту - асыл қасиет» атты ізгі лебіз сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген достық пен құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту.

Іс-шараға қара металлургия колледжінің студенттері мен ЖБДО қызметкерлері қатысты. Кітапханашылар қонақтарды Алғыс айту күнінің тарихымен таныстырып, «алғыс», «мейірімділік», «ізгілік» ұғымдарының жан-жақтылығын ашты. Сондай-ақ, мереке тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар қазақ жерінің тарихын, жүздеген және мыңдаған адамдарды қабылдаған қазақ халқының мейірімділігі туралы еске алды.

Әр қатысушыға осы мереке туралы өз пікірін айтуға, сондай-ақ кімге ризашылықтарын білдіруге мүмкіндік берілді.