Бүгін: 26.04.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

 Жыл сайынғы дәстүр бойынша көктемгі мектеп демалысы күндері еліміздің барлық кітапханаларында тамаша мереке — Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы өтеді.

          26 наурызда жүйенің барлық кітапханаларында 2025 жылдың 2 сәуіріне дейін созылған «Балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығы – 2025» ашылуы өтті. Жүйе кітапханаларында іс-шаралар циклі өтті: танымдық бағдарламалар, кітап көрмелері, дауыстап оқулар, әдеби викториналар, акциялар.

          26 наурызда Орталық кітапханада «Кітапқұмарлар аралына саяхат» танымдық бағдарламасы өтті, оған әр түрлі жастағы балалар қатысты; Қалқаман а/к  «Кітап жарысы» әдеби викторинасы өтті.

          27 наурызда «Ерте ерте де ертегілер өмір сүріпті» атты ертегі отырысы Ақжол а/к кітапханашымен бірге балалар ертегілердің ғажайып әлеміне саяхат жасады, онда балалар ертегінің сиқырлы әлеміне сүңгіп, ауызша халық шығармашылығының қандай туындылары бар екенін есіне алды.

Ақсу қ. ОК балалар жазушысы С.Бегалиннің 130 жылдығына орай №7, 8 ОМ және Ақсу қаласының лицей-мектебінің оқушылары үшін «Балалық шақ елінің елшісі» атаумен библиография күні өтті. Іс-шара барысында балалар жазушының шығармашылығымен және оның еңбектерімен танысты,  «Ёж Есена» әңгімесін оқыды, сондай-ақ «Оленёнок» аудио әңгімесін тыңдап, викторина сұрақтарына жауап берді. Соңында кітапханашы балаларға «Ёж Есена»  кітапшасын таратты.

          28 наурызда Ақсу қ. ОК Даметкен әжесімен кездесу өтті, ол балаларға Андерсеннің «Түймеқыз» ертегісін оқыды.