Бүгін: 26.04.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

 5 наурызда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Орталық кітапханада Ақсу қаласының лицей-мектебінің 9-сынып оқушылары үшін «Отбасындағы мамандықтар» шығармашылық кездесуі өтті.

Отбасылық династия әрқашан дәстүрлерді сақтау мен сабақтастықтың, сәйкесінше таңдалған мамандыққа құрметпен қараудың және өміржолының үлгісі болды.

Кездесуге шақырылған қонақтардың бірі ұстаздар династиясы – Г.В. Таскаева және Н.В. Сирякова жанұясы болды,  онда олар ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан педагогикалық қабілет пен балаларға деген сүйіспеншіліктері жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, кітапханашы династиясын жалғастырушы, Ақсу қ. ОК библиографы Е.Ю. Щипунова осы мамандыққа арнаған өз отбасы туралы кеңінен айтып берді.