Бүгін: 26.04.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

 25 ақпан Ашық есік күні және Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақсу қ. №4 ОМ жоғары сынып оқушылары мен қара металлургия колледжінің студенттері үшін Ақсу қ. ОК Ақсу қаласының ірі кәсіпорындарының (АЗФ және ЕЭК) жұмысшыларымен «Әр мамандық құрметке лайық» атты кездесу өткізілді.

Іс-шара жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің жұмысшы кәсіптері туралы білімдерін жинақтау, оларды кейбір жұмысшы кәсіптерімен таныстыру, кәсіби анықтамаға қызығушылықты дамыту; әртүрлі кәсіптердегі адамдарға құрметпен және мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Балалармен кездесуге Ақсу қ. АФЗ және ЕЭК кәсіпорындарынан жұмысшылар шақырылды. Ахмедиев Рахат – жөндеу-құрылыс цехының инженер-геодезисті, Ахмедиев Қамбар – металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының электр – газ дәнекерлеушісі, Мейримханов Тұрарбек – қожды қайта өңдеу цехының ауысым шебері, Салықов Айтбай – ферроқорытпаларды балқытушы, Лазарева Вера - сервистік қызмет көрсету цехындағы құжат айналымы жөніндегі оператор, Скобкова Ольга-агломерациялық цехтағы құжат айналымы жөніндегі оператор және Ақсу қ. АФЗ еңбек ардагері Жихарева Зоя Сәдуақасқызы 40 жыл кранның машинисі болып жұмыс істеді.

Олар өздерінің әңгімелерін жұмыс тек табыс қана емес, сонымен қатар ләззат алу үшін өздеріне ұнайтын мамандықты таңдау өте маңызды деп бастады. Содан кейін олар өз мамандықтары туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар жылы» кітап көрмесі бойынша кітап көрмесіне шолу жасалып, «Мамандық таңдау – жол таңдау!» бейне фильмі көрсетіліп, кәсіптік бағдар беру мақсатында оқушыларға «Қандай мамандық таңдау керек?» жадынамалар таратылды.