Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

28 қаңтарда көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Орталық кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Есенберлин ізі» атты еске алу кеші өтті. Жүргізушілер қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты беймәлім деректермен таныстырды. Оның «Көшпенділер» тарихи трилогиясын еске түсіріп, шығарма желісімен түсірілген фильмнен үзінді тамашалады, сөзжұмбақ шешіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында Баяндинова Айнұрдың орындауында «Жүрегім жүрегіңмен егіз бе едің!» әні шырқалды.