Бүгін: 25.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

5 қаңтарда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында жыл сайынғы «Бірінші оқырман күні» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты - 2025 жылдың алғашқы оқырмандарын құттықтау, кітапханамен таныстыру және оқуға тарту. Бұл күні акцияға қатысушыларды тосын сыйлар мен кітапхана қызметкерлерінің құттықтаулары күтіп тұрды.

Ересектер бөлімінің абонементінде «2025 жылдың алғашқы оқырманы» құрметті атағын Андронов Игорь Алексеевич бірінші болып алды. Биыл ол 81 жасқа толады, оның 20 жылдан астамы біздің кітапхананың белсенді оқырманы.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарына Кітап пен Кітапханаға деген адалдығы үшін алғыстарын білдіріп, оларға зор денсаулық, тамаша қысқы демалыс, табыс және Жаңа жылда қызықты жаңа кітаптар тіледі.