Бүгін: 22.01.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсу қ. Орталық кітапханасында Ақсу гарнизонының азаматтық қорғау қызметкерлеріне арналған «Тарих білгірлері» зияткерлік ойыны өтті. Шара басында кітапханашылар қонақтарды Тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен таныстырды, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» бейнеролик көрсетілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері – тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін бейнеленген.

Іс-шараға қатысушылар зияткерлік ойынға белсенді қатысты, оның барысында олар біздің Отанымыздың тарихын, тарихты жасаған адамдардың есімдерін, сондай-ақ еліміздің қалыптасу кезеңінде болған маңызды оқиғаларды қаншалықты жақсы білетіндіктерін көрсете алды. Ең белсенді жүлделер табысталды.

Іс - шара соңында «Ар-намысым қуанышым желтоқсан» кітап көрмесі бойынша шолу жасады.