Бүгін: 25.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

4 желтоқсанда Ақсу қ. ОК оқу залында «Тәуелсіздікке жол: өткеннің сабақтары және болашақтың сын-қатерлері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қаланың шығармашылық зиялылары, Алтынсарин ат. ЖОББМ және Қ. Сәтбаев ат. гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Қазақстан тарихында маңызды орын алатын ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерін, біртұтас және егемен республиканың қалыптасу жолдарын талқылау болды. Шақырылған қонақтарға - Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ырысгүл Шакаманның сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды. Ол сол кездегі қайғылы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара өте мазмұнды өтті. Қатысушылар арасында еліміздің өткені мен болашағы туралы мазмұнды және танымдық пікірталастар өтті.