Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

15қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтіледі, бұл Тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Дәл осы күні 1993 жылы республикада теңге айналымға енгізілді. Осы күнге жүйенің барлық кітапханаларында бірқатар іс-шаралар өткізілді.  

15 қаршада Ақжол а/к кітапханашысы Ақжол а. ОМ 8-9 сынып оқушылары үшін «Теңге – тарих айнасы» танымдық сағатын өткізді. 31 жыл бұрын елде ресми түрде ақша бірлігі – теңге айқындалды, ол Тәуелсіз Қазақстанның символдарының біріне айналды. Оқушыларға ұлттық валютаның қалыптасу тарихына шағын экскурсия жүргізілді, теңге туралы қызықты фактілермен, Өскеменде орналасқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қазақстандық монета сарайы» кәсіпорнының құрылу тарихымен таныстырылды. Кездесу барысында оқушылар «Ең зерек», «Теңгені қорғау дәрежелері» байқауларына қатысып, «Теңгемен әлем бойынша саяхат» ойынын ойнады. Белсенді қатысушылар жүлделермен марапатталды.

15 қарашада Қызылжар а/к 6-7 сынып оқушылары үшін «Теңге тәуелсіздік келбеті» викторинасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты балаларды ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, теңгенің айналымға енгізілуімен және теңгенің қай елде басылғанымен таныстыру болды. Сондай-ақ, балалар «Сатып аламын – сатып алмаймын» ойынын ойнады, ақшаға байланысты мақал-мәтелдер жинады.

15 қарашада пограничник а/к кітапханашысы 5 сынып оқушыларына «Ұлттық валюта тарихынан» ақпараттық күнін өткізді.  Басында балалар ұлттық валютаның қалыптасу тарихына шағын саяхат жасап, теңге туралы қызықты фактілермен, атаудың шығу тарихымен танысты. Әрі қарай кітапханашы монеталардың тарихын айтып берді. Шараға «теңге тарихы» тақырыптық сөресі, «Теңге-мемлекеттің символы» бейнеролигі көрсетілді, «Ұлттық валюта күні» буклеті дайындалып, таратылды.

15 қарашада Ақсу қ. ОК №7 ОМ 10 «Б» сынып оқушылары үшін «Теңге – Тәуелсіздіктің символы танымдық викторинасын өткізді.  Балалар экономикалық білім негіздерін алды, ақшаның пайда болу тарихымен танысты, олардың адамзаттың тарихи дамуында қолданылуы және қазіргі өмірдегі рөлі туралы білді. Балалар қазақстандық валюта - теңге туралы викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.