Бүгін: 13.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

6 шілдеде Астана күнін мерекелеуге орай Ақсу қаласының мәдениет және демалыс саябағында Орталық кітапхана «Әлемге нұрын шашқан арман қала»! атты поэтикалық вояж өткізді.

Іс-шара жүргізушілері қала тұрғындарын Қазақстанның астанасы-Астананың пайда болу тарихымен таныстырды. «Родники» поэтикалық клубы мүшелерінің Астана туралы өз өлеңдерін оқуы шараның сәні мен салтанатын келтірді.

Қала тұрғындары үшін кітапхана «Елімнің жүрегі – Астана» кітап көрмесін дайындады, онда Астананың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорда дамуының экономикалық, мәдени және әлеуметтік аспектілері туралы әдебиеттер ұсынылды. Көрмеге қойылған «Астана», С.Түгел «Астана хикаялары», А. Смайыл «Астана ғасырлары», «Астана үшін мың тағзым!», «Қазақстанның астанасы Астана», «Астана ХХІ ғасыр» кітаптар оқырмандардың назарын ерекше аударды. Кітап көрмесін Астана көшелерімен саяхат жасауға және қаланың көрікті жерлерімен танысуға көмектесетін «Астана, XXI ғасыр. Astana. The 21 st century» фота альбомы толықтырды. Кітапханашылар көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасады.