Жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Домбыра күні деп атап өтіледі.
Бүгін Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасында Домбыра күнін мерекелеу аясында «Домбырам асыл мұрам» атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын еңбек сіңірген педагог, ақын Бағира Мұсабекқызы Жақыпова Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі жанындағы лагерінің «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілеріне өткізді. Ол домбыраның шығу тегі, құрылымы жайлы айтып аспапта ойнау тәсілдерін көрсетті. Әр бала домбыраны қолына алып, дыбыстарды шығаруды үйренді.
Сондай-ақ, шеберлік сабаққа «Мариям» студиясының «Еркемай» ансамблінің жас домбырашылары қатысты. Олар күй орындап, ән шырқады. Шара соңында қатысушыларға Орталықтандырылған кітапхана атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.