Жыл сайынғы «Ақсу толқыны» жазғы жобасы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында 14 маусым күні Орталық кітапхана көптеген ақындардың ең әдемі және сүйікті мезгілі – жазға арналған «Ақсу айдынында» поэтикалық кешін өткізді. Іс-шара барысында қала тұрғындары жаз туралы әдемі, таңғажайып поэзия әлеміне саяхат жасады. Ақсу өңірінің ақындары: Ақтасов Алмас Қуантайұлы, Құсанов Ернар, Мұхамедқали Зарықұлы, Март Асылбек, Қуаныш Абдигалимов, Досан Наурызбай, Сәрсенбай Нұрсат, сондай-ақ «Родники» поэзия клубы өз шығармаларынан көптеген өлеңдерін оқыды. Іс-шараға қатысушылар күнделікті қарбаластан алшақтататын және жан дүниесін тазартатын ерекше поэтикалық әлемге сүңгіді.
Сондай-ақ, қала тұрғындарының назарына «Жаңа кітаптар әлемі» кітап көрмесі ұсынылды, онда кітапхананың жаңа кітаптары ұсынылды.