22 мамырда Ақсу қаласының Орталық кітапханасы Павлодар қаласының С. Торайғыров ат. ОӘҒК-мен бірлесіп, ақын сатирик, публицист, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығын мерекелеу аясында Павлодар Ертіс өңірінің жазушылары: Торайғыров университетінің профессоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, жазушы, ақын - Елікбаев Серік Төлеубайұлы, жазушы, сатирик, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі - Жұматов Ғалымбек Сағымбайұлы, ақын-сатирик, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, С.Баязитов ат. балалар оқу орталығының басшысы - Хонж Алпысбай Әбділұлы, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағлымы» бірлестігінің мүшесі -Шаяхметов Қаршыға Қабыкенұлының қатысуымен «Сатиралық өлең шебері» сатира кешін өткізді.
Көрнекті жазушының сан қырлы қызметі оның күш-қуаты мен шығармашылығының шыңында үзілді. Оның өмірде, әдебиетте жүріп өткен жолы – Отанға адал қызмет етудің шабытты үлгісі болса, Сәбиттің ақын, прозашы, сатирик, журналист ретіндегі жан-жақты шығармашылығы мол мұра, білім мен шабыттың өміршең бұлағы.
Іс-шара барысында қонақтар сұрақтарға жауап берді: қазіргі жазушылар арасында Сәбит Дөнентаевтың ізбасарлары бар ма? Бұл сұраққа ақын, жазушы С. Т. Елікбаев жауап берді.
Жазушы, сатирик Ғ. С. Жұматов өзінің «Антивирус» кітабы және оны неге осылай атағаны туралы айтты.
Көпшілік оқырманға танымал «Әріпті соттау» сатиралық кітабы жас сатирик-ақын Хонж Алпысбайға тиесілі, ол сатиралық шығарма жазуға қалай келгенін айтып, өзінің бір шығармасын оқып берді.
Іс-шараға Ақсу қаласының құрметті азаматтары З.А. Арынов, С. К. Қондыкерова, «Ақ жол» газетінің редакторы Гүлбану Өзкей, Ж. Мұса ат. колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары шақырылды.