Бүгін: 31.10.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

15 мамырда Ақсу қ. Орталық кітапханасында ақын Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлы дара дарыны – Сәбит Дөнентаев» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қаланың құрметті азаматтары, №4 ОМ және Құркөл ауылының С.Дөнентаев ат. ОМ педагогтары, қара металлургия колледжінің студенттері, қала мектептерінің ОМ оқушылары шақырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар слайд-шоу ұсынды: фотоматериал және Сәбит Дөнентаев туралы құжаттар.

Қатысушылар қазақ ақыны-сатирик, публицист, қоғам қайраткерінің қызметі туралы білімдерімен бөлісті. Баяндамаларымен сөз сөйледі: С.Дөнентаев ат. ОМ  тарих пәнінің мұғалімі Д.Б. Ақылбеков  «Сәбит Дөнентаев Ақсу өңірінін ұмытылмас нар тұлғасы», Ақсу қ. №4 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Н. К. Абилов «Сәбит Дөнентаев. Ақын және журналист».

Соңында қатысушылар өз ойларымен және оның өміріндегі қызықты деректерімен бөлісіп, болашақ ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігі туралы ой қозғады.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қаланың құрметті азаматы З. А. Арынов пен С.Қ. Қондыкерова ел тарихында өшпес із қалдырған Сәбит Дөнентаевтың әдеби мұрасының көркемдік құндылығымен маңыздылығына тоқталды.