Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаға 38 жыл толады. Осы қайғылы күнге орай Орталық кітапханада Ақсу қ. №4 ОМ 10 сынып оқушылары үшін  «Чернобыль трагедиясы» еске алу сағаты өтті, іс-шараға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қонақ болды: М. К. Қабдынасыров, Р.Ж.Сахимова, К.Ж. Ракулова, Л.В. Чувгунова, Н.Г. Поликарпова.

Іс-шараның басында бұл қайғылы оқиғаның қашан және қайда болғаны, оның себебі неден болғаны, апаттың қалай жойылғаны және бұл апаттың сол кезде өмір сүрген адамдар мен кейінгі ұрпаққа тигізген әсері туралы бейнеролик көрсетілді.Содан кейін біздің қонақтар сәуірдің қиын күндері туралы, мыңдаған адамдар өздерін құрбан етіп, апатты жоюға қалай қатысқаны туралы естеліктерімен бөлісті. Олар бүгін біз бейбіт өмір сүріп, өмірден ләззат алуымыз үшін қолдан келгеннің бәрін қалай жасағандарын айттыШара «Чернобыль: тағдырлар, оқиғалар, естелік» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.