6 мамырда Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Орталық кітапхана қызметкерлері кітапхана оқырмандары мен Ақсу гарнизонының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Уақыт пен естелік»» ерлік сабағын өткізді.
Шараға қатысушылар қаза тапқан батырларға құрмет көрсете отырып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шара жүргізушілері сұрапыл соғыс уақытын, сарбаздарымыздың ерліктерін, тыл еңбеккерлері туралы айтып берді. Жүргізушілердің әңгімесі презентациямен, тарихи кинохрониканы көрумен қатар жүрді.
«Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ Ақсу филиалының мұрағатшысы Л.В.Тимершина Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жақындауына елеулі үлес қосқан біздің өңірдегі әйелдер туралы баяндама жасады.
Шара соңында Ұлы Отан соғысы туралы сұрақтардан тұратын «Тарих беттері бойынша» викторинасы өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері «Ұлы жеңіске – мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, онда соғыс батырлары мен олардың ерліктері жайлы баяндайтын түрлі жанрдағы кітап басылымдары ұсынылды.