Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

24 қазанда Орталық кітапханада Республика күніне арналған «Күн астында гүлдей бер, менің Қазақстаным» іс-шарасы қара металлургия колледжінің студенттерінің қатысуымен «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік ойын түрінде өтті. Шара жүргізушісі студенттерге Қазақстан тарихы бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар дайындады, балалар оларға жауап бере отырып, ойлау, пайымдау, дәлелдеу, қорытынды жасау қабілеттерін көрсете алды. Ойында қатысушылардың білім мен бірлігі барлық мәселелерді тамаша шешуге көмектесті.