Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG-20220426-WA0001.jpg26 сәуір күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Чернобыль апатын еске алу күніне «Сол бір қасірет, расында қаралы күн болды…» атты реквием сағаты өтті. Шара басында қара металлургия колледжінің студенттеріне ядролық энергетика тарихындағы ең ірі апат туралы бейнеролик көрсетілді.

Чернобыль атом электр станциясының  апат салдарын жоюшылары - Ракулова Күләш Жылқайдарқызы мен Сахимова Роза Жылқайдарқызы іс-шараның басты қонақтары болды. Олар 1986 жылғы сәуірдің қиын күндерінде қалай жұмыс істегендерін, бүгін біздің  тыныштықта өмір сүріп,  өмірімізге шаттануға қолдан келгеннің бәрін қалай жасағандарын егжей-тегжейлі айтып берді.

IMG-20220426-WA0001.jpg IMG-20220426-WA0004.jpg IMG-20220426-WA0005.jpg IMG-20220426-WA0000.jpg IMG-20220426-WA0002.jpg