Әр өлкенің тарихы көп жылдар бойы жинақталып, құрастырылады. Тарихтағы ең таңдаулысы, бағалысы уақыт сынағынан өтіп, дамып, жетіліп, тұрғын халықтың өміріне еніп, болашақ ұрпақтың жетістігіне айналады. Ермак ауданында кітапхана ісінің дамуы аудандық мәдениет бөлімінің құрылуынан бастау алады.
Ермак аудандық мәдениет бөлімі 1953 жылдың 30 маусымында құрылды. 1957 жылға дейін ол Кагонович мәдениет бөлімі болып аталды. Мәдениет бөлімі облыстық мәдениет басқармасы мен Ермак аудандық атқару комитетінің қарамағында болды. Мәдениет бөлімі құрылған күннен бастап өркендеп, дамуда. Алғашқы меңгерушісі Аси Сембайұлы Жабагин болды.
1956 жылы Чкалов Орталық кітапханасы ауыл кітапханасы болып өзгертілді. 1957 жылдың 1 қаңтарына мәдениет бөлімінің қарамағында 21 кітапхана, оның ішінде 1 аудандық көпшілік кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы болды. 1962 жылдың 3 тамызында МАЭС кентінде №2 қалалық кітапханасы құрылды. 1962 жылы Ермак кентінде қалалық балалар кітапханасы құрылып, меңгерушісі Евгения Романовна Рогальская болып тағайындалды. 1957 - 1972 жылдары Ермак ауданында 21 кітапхана, 21 кітапхана қызметкері саналды. 1972 жылдың 8 қаңтарында қалалық балалар кітапханасы Мира көшесі 21-үйде орналасқан ғимаратқа көшірілді. 1976 жылы көпшілік кітапханаларды орталықтандыру алдында Ермак ауданында Пограничник ауыл кітапханасы (кітапханашы И.В.Нусс) ең үздік кітапхана болып танылды. 1976 жылы Целинный ауыл кітапханасының меңгерушісі К.Шарипова болды.
1977 жылдың 11 мамырында Ермак қаласы мен Ермак ауданының көпшілік кітапханалары бірегей Орталықтандырылған кітапханаға біріктірілді. Оның құрамында 30 кітапхана саналды, оның ішінде 2 орталық: орталық көпшілік кітапхана, орталық балалар кітапханасы, 5 қалалық, 23 ауыл кітапханалары енді. Жүйені директор Раиса Федоровна Болякова басқарды.
1979 жылы Орталық балалар кітапханасы Орталық балалар кітапханасы Мира көшесі 12-үйдегі жаңа ғимаратқа көшіп, 1967-1990 жылдар аралығында Галина Емельяновна Щепенко меңгерушісі болды.
Ермак орталық балалар кітапханасының жанынан 1980 жылы оқушылар арасында кітапхана-библиографиялық білімді насихаттау бойынша Облыстық тәжірибе алмасу мектебі ашылды.
1979 жылы ОКЖ-де 40 кітапхана саналды, оның ішінде – орталық аудандық кітапхана, 2-балалар кітапханасы, 5-қалалық, 31 ауыл кітапханалары. 1982-1989 жылдары жүйені директор Ләззат Ашапқызы Нұрғожинова басқарды.
1985 жылы Ермак ОКЖ-нің 12 филиал-кітапханасы «Үздік жұмыс кітапханасы» атауын иеленді: Орталық көпшілік кітапхана (ОК қызмет көрсету бөлімі) - қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Г.Ямпольская; Орталық балалар кітапханасы - меңгеруші Г.Е.Щепенко; қалалық №2 кітапхана - аға кітапханашы Ю.И.Капустина; қалалық №3 кітапхана - аға кітапханашы Н.Е.Зайончковская; қалалық №4 кітапхана - аға кітапханашы Л.А.Саворовская; қалалық №5 кітапхана - аға кітапханашы Н.И.Федоровская; Қалқаман қалалық №1 кітапхана – Е.П.Коломоец; Пригородный ауыл кітапханасы – аға кітапханашы М.П.Поперечная; Чкалов ауыл кітапханасы – аға кітапханашы Ш.А.Смакова; Пограничник ауыл кітапханасы – аға кітапханашы И.В.Нусс; Еңбек ауыл кітапханасы – аға кітапханашы Е.Ю.Чумаченко; Павлодар құс фабрикасы - аға кітапханашы Р.Д.Аманжолова.
1986 жылдың 29 сәуірінде Ермак қаласының мемлекеттік және кәсіподақ кітапханаларының ведомствоаралық орталықтандырылған жүйесі құрылды. Оған 46 кітапхана енді, оның ішінде: 2 орталық кітапхана 1- орталық аудандық кітапхана, 1- орталық балалар кітапханасы, 8 қалалық, 4 балалар кітапханасы, 29 ауыл кітапханасы, 3 кәсіподақтық кітапхана. 1986 жылы кітапханалар жүйесінде қызығушылық бойынша клубтар құрылды. Осындай клуб 22 саналды.
1987 жылы Ермак Орталықтандырылған кітапхана жүйесі өзінің 10 жылдығын атап өтті. Кітап қоры 400 мың дана кітапты құрады. Жүйе 70 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетті.
1989 – 1991 жылдары Ермак Орталықтандырылған кітапхана жүйесін директор Маргарита Павловна Мухамеджанова басқарды. 1992 жылдан 1994 жылдың сәуір айына дейін Ақсу ОКЖ директор Галина Сейтжановна Мухамеджановна басқарды. 1992 жылы кітапхана жұмысының тәжірибесіне ақылы қызметтер енгізілді.
1993 жылдың 20 мамырында Ермак қаласының атауы Ақсу қаласы болып өзгертіліп, Ермак ОКЖ Ақсу ОКЖ болып аталды.
1994 жылдың сәуірінен бастап Ақсу ОКЖ директор Роза Тимофеевна Зингер басқара бастады. Ақсу ОКЖ-де 43 кітапхана болды. Оның ішінде: орталық кітапхана, орталық балалар кітапханасы, 4 балалар кітапханасы, 27 ауыл, 10 қалалық кітапхана. Кітап қоры 164503 дана кітап, жыл сайын 14265 оқырманға қызмет көрсетілді.
1995 жылы Орталық балалар кітапханасы 30 жылдығын атап өтті.
Мәдениет мекемелерін оңтайландырудан кейін 1996 жылы 9 кітапхана жабылды, 1996 жылдың аяғына жүйеде 34 кітапхана саналды. Оның ішінде: 1 орталық аудандық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы, 6 қалалық кітапхана, 3 балалар кітапханасы, 23 ауыл кітапханасы.
1997 жылы қала және ауыл кітапханаларын оңтайландыру мақсатында ОКЖ таратылды. Орталық, ересектер мен балалар кітапханаларын біріктіру арқылы Орталық қалалық кітапхана базасында Мира көшесі 12-үйде қалалық кітапхана құрылды. Қалалық №5, №2, №6, №3, №1, №4 қалалық кітапханалары таратылып, кітап қорлары орталық кітапханаға тапсырылды. 23 ауыл кітапханасы жабылып, ауыл кітапханаларының кітап қоры ауыл мектептерінің кітапханаларына тапсырылды. 1997 жылдың қазанынан 1999 жылдың мамырына дейін Орталық кітапхананы Нинель Губайдулловна Ямпольская басқарды.
1999 жыл. 1999 жылдың мамыр айында қалалық кітапхана ресми статус алып, «Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» болып атала бастады. 7 шатттық бірлігі бар кітапхананың директоры болып Роза Тимофеевна Зингер тағайындалды.
2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы
Бұл жылы Орталықтандырылған кітапхана Мира көшесі, 44-үйдегі жаңа ғимаратқа көшті.
Мәдениетті қолдау жылының қорытындысы бойынша мәдениет пен өнер саласындағы үздік қызметкерлеріне «Қауышу-2000» құрмет көрсету өткізіліп, Нинель Губайдулловна Ямпольская «Кітапхананың үздік қызметкері» номинациясынның лауреаты атанды. Оған қала әкімінің атынан лауреат дипломы мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, осы номинация бойынша Алмагүл Байтұлқызы Еденоваға қала әкімінің атынан бағалы сыйлық табыс етілді. 2000 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Орталықтандырылған кітапхана директоры Роза Тимофеевна Зингер қала әкімінің дипломымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
2001 жыл. Орталықтандырылған кітапхана жұмысы Қазақстан Республикасының 10-жылдығына арналған «Қазақстан – ортақ үйіміз» кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Жұмыс қорытындысы бойынша Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Роза Тимофеевна Зингер қала әкімінің дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
2002 жыл – Денсаулық жылы. Орталықтандырылған кітапхана жұмысы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған «Ұлт саулығы – ел байлығы» кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Оқырмандар үшін «Өзіңді өзің емде» қызығушылық клубы жұмыс жасады.
2003 жыл. «Ауыл кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталды. Бұл бағдарлама жұмысын 2005 жылы аяқтады. 2003-2005 жылдары Ақсу өңірінде 16 кітапхана: Ақсу кентінде (29.01.2003), Еңбек ауылында (29.01.2003), Қазалы ауылында (29.01.2003), Қызылжар ауылында (29.01.2003), Айнакөл ауылында (30.05.2004), Алғабас ауылында (30.05.2004), Қалқаман кентінде (30.05.2004), Достық ауылында (30.05.2004), Пограничник ауылында (30.05.2004), Парамоновка ауылында (29.01.2003), Құркөл ауылында (28.04.2003), Евгеньевка ауылында (24.05.2005), Ақжол ауылында (16.09.2005), Жолқұдық ауылында (03.01.2006), Сарышығанақ ауылында (03.01.2006), Үштерек ауылында (29.12.2006). «РАБИС» бағдарламасы мен «РАБИС каталогизатор», «Іздеу-тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу», «Кітап берілімі», «Әкімшілік» деген 5 модуль сатып алынды. Бағдарлама Орталық кітапханада, Ақсу кенті, Қызылжар ауылының модельді кітапханаларында орнатылды. Сол жылы кітапхана жүйесінің қызметкерлері электрондық каталог пен өлкетану бойынша толық мәтінді дерекқор құруды бастады.
«Ауыл кітапханасы» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысының әкімі Қ.Нүрпейісовтің атынан Орталықтандырылған кітапханаға 2 компьютер сыйға тартылды.
2003 жылы әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі мен әдістеме-библиографиялық бөлімі ашылды.
2003 жылдың 27-29 мамыр аралығында Павлодар қаласында «Жаңа ақпараттық қоғамдастық үшін жаңа кітапхана. Модельдік ауыл кітапханасы» республикалық конференция өтті. Конференцияға ОК-дан 7 кітапханашы мен лицей-мектебінен 1 кітапханашы қатысты. Конференция барысында Орталықтандырылған кітапхананың әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімінің аға кітапханашысы Нина Ивановна Иволга мен оқу залының аға кітапханашысы Алмагүл Байтұлқызы Еденова Павлодар облысы Мәдениет Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2005 жылдың қазанында Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Р.Т.Зингер Петропавл қаласында өткен «Петропавл - 2005 жылдың кітапханалық астанасы» Республикалық конференцияға қатысты.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты ұлықтау аясында Орталық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабының тұсау кесуі өткізілді.
2006 жыл – Ақсу қаласының 45-жылдығы.
2006 жылдың 11 мамырында Қызылжар модельдік ауыл кітапханасында «Кітапхана – жергілікті қоғамдастыққа жалпы қолжетімді орталық» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
2006 жылдың қыркүйегінде Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Р.Т.Зингер Павлодар облысының делегациясы құрамында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасына барып қайтты.
2006 жылдың қараша айында Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Р.Т.Зингер Алматы қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Орталық кітапхана мен Еңбек, Қазалы, Құркөл, Үштерек, Евгеньевка, Қызылжар, Айнакөл, Алғабас, Жолқұдық, Ақсу кенті кітапханаларының кітапханашылары Павлодар қаласында 2 күн бойы өткізілген «Кітапхана - елдің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық дамудың ресурстық орталығы» атты республикалық семинарға қатысты. Республикалық семинарда « Облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақсу өңірі кітапханаларының жұмысы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
2007 жылы алғаш «Бір ел – бір кітап» акциясы бастау алды.
2007 жылдың сәуірінде Орталық кітапхана директоры Р.Т.Зингер 18-19 сәуір күндері Астана қаласында өткен «Оқитын қоғам - бәсекеге қабілетті елдің негізі» атты Халықаралық оқу конгресіне, Қызылжар ауылы модельдік кітапханасының аға кітапханашысы Райхан Дайкенқызы Аманжолова «Қазақстандық патриотизмді бекіту - ұлттық интеллигенция міндеті» атты ҚР Президентінің Жолдауы бойынша ҚР мәдениет және ақпарат Министрімен кездесуге қатысты. Ол Павлодар облысының кітапханалар атынан өкіл ретінде жіберіліп, кездесуде баяндама оқыды.
Сол жылы Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының штат кестесіне мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу үшін қазақ тілінің аудармашысы 1 штаттық бірлігі енгізілді.
2008 жыл. 2008 жылдың наурыз айында Орталықтандырылған кітапхана директоры Р.Т.Зингер Павлодар облысының дамуына үлес қосқан неміс диаспора тұлғаларына құрмет көрсетуге арналған облыстық іс-шараға қатысты. Орталықтандырылған кітапхана директоры Р.Т.Зингер Павлодар облысы әкімінің орынбасары атынан Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында адал еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін қала әкімінің Құрмет грамотасымен, Мұсылман әйелдер лигасының 15 жылдығы аясында қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, мәдениетті насихаттағаны үшін Мұсылман әйелдер лигасы төрайымының Алғыс хатымен марапатталды.
2008 жылы кітапханада электрондық үкіметке қоғамдық қолжетімді орны ашылды.
«Мемлекеттік қызметкер, лауазым – мемлекеттік тіл» атты қалалық сайыста Орталық кітапхана тобы 3 орынға ие болып, диплом мен бағалы сыйлық (DVD караоке) табыс етілді.
2010 жыл. Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету жылы.
Ұлы Жеңістің 65-жылдығы
2010 жылы 22 шілде күні сағат 11-00-де Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасында М.Омаров ауылының тұрғыны, ақын Әміре Дөрбетханның «Туған жер – Алтай т ұғырым» атты кітабының тұсау кесуі өткізілді.
Шілде айында кітапханаға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина келді.
«Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілгеннен кейін Орталық кітапханаға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Алия Қайратқызы Галимова мен Ақсу қаласының әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргельдинов келді.
Сол жылы Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Р.Т.Зингер ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР Парламент Мәжілісі депутатының Алғыс хатымен, Облыстық «Нұр Отан» ХДП бірінші орынбасарының Құрмет грамотасымен, Конституцияның 15-жылдығына орай Ақсу қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды.
2011 жыл. ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен Ақсу қаласының 50-жылдығы.
Орталықтандырылған кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары бойынша оқу конференциясы өткізілді.
Қазан айында Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы, Ақсу қаласының 50-жылдығы мен Кітапханашы күні аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Нұр Отан» ХДП-ның бастауымен «Кітапханым - 2011» атты қалалық сайыс өткізілді.
Ақсу қаласының 50-жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының директоры Р.Т.Зингер «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марпатталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде директор Р.Т.Зингер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 5 қызметкер ӘЖжӨ бөлімінің аға кітапханашысы Г.Қ. Абдылманова, библиограф Е.Ю.Щипунова, балалар әдебиеті бөлімі оқу залының аға кітапханашысы И.В.Карпова, бас есепші С.П.Савич, Айнакөл а/ к аға кітапханашысы С.А.Каримбаева, Еңбек а/к аға кітапханашысы У.М.Абдуова қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
2012 жыл. 2012-2014 жылдары кітапхана «Кітапхана шақырады» мақсатты кешендік бағдарлмасы бойынша жұмыс жасады.
Маусым айында Екібастұздың Қылдыкөл елді-мекенінде өткен Исабек Ишан Хазіреттің 220-жылдығына арналған іс-шара мен мазардың ашылуына қатысты. Кітапхана «Алланың нұры жауған әулие» кітап көрмесі ұйымдастырды. (Р.Т.Зингер, Г.А.Шарипова, А.А.Ахметова)
2012 жылдың 16 шілдесінде Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы Щарбақты ауданы, Арбиген ауылында өткен Қабдылуахит Хазірет кесенесінің ашылуына қатысты. Кітапхана іс-шараға арнап «Имандылық нұрын шашқан» кітап көрмесін ұйымдастырды. (Р.Т.Зингер, А.Ахметова, З.Қабдылхан)
Шілде айында кітапханашылар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған экспедиция құрамында болып, Қызылжар ауыл аймағының Суаткөл ауылы маңында орналасқан «Сағана» мәдени құрылысына барып қайтты.
Қазан айында жергілікті ақын Әміре Дөрбетханның «Ата-жұрт – алтын тұғырым» кітабының тұсау кесуі өткізілді. Автор өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарды Орталықтандырылған кітапхана мен 16 ауыл кітапханасына сыйға тартты.
Орталық кітапхана қызметкерлері Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген Вебинар-семинарға қатысты.
2013 жыл. Тәуелсіздік күні қарсаңында Айнакөл ауыл кітапханасының кітапханашысы С.А.Каримбаевамен ауыл тұрғыны Қайырбек Жақияұлы Бейсембаевтың «Шыңға шыққан шынар» атты кітабының тұсау кесуі өткізілді.
1-жарты жылдықта 12 ауыл кітапханасы ғаламторға қосылды.
2014 жыл. 2014 жылдың 12 қарашасында Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасында «Заманауи қоғам және кітапхананың өлкетану орталығы ретіндегі міндеті» тақырыбында Ақсу ОКЖ күні өткізілді. Семинар жұмысына С.Торайғыров атындағы Облыстық ғылыми кітапхананың директоры М.А.Жиенбаева, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Н.Ж.Байбакіров, аудандық ОКЖ директорлары, Ақсу ОКЖ әдіскерлері мен кітапханашылары қатысты.
Жылдың басынан бастап мекеме бойынша штат бірлігі 7 бірлікке артты. Қараша айынан бастап Орталық кітапханаға 0,5 ставка мөлшерінде мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасайтын кітапханашы бірлігі қосылды.
2015 жыл. Республикалық акция шеңберінде Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жылы аясында 2015 жылдың 17 сәуірінде «Менің Қазақстаным» поезды Ақсу қаласына келді. Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасына арнайы ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана өкілдері келіп, дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Астана қаласының Ұлттық Академиялық кітапханасы директорының орынбасары Ғалия Бөкейқызы Исаканова мен ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана қызметкерлері А.М.Мектепова, Г.Н.Құсаинова және Ақсу қаласы Орталықтандырылған кітапханасының кітапханашылары қатысты. «Бағалы сый» акциясы шеңберінде Ақсу қаласының ОКЖ-не қазақ және орыс тілдерінде 35 дана кітап сыйға тартылды.
Қалалық іс-шаралар шеңбері мен Ұлы Жеңістің 70-жылдығы құрметіне Орталық кітапханада «Бізге ұлағат - ұрпаққа аманат» журналының тұсау кесуі өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана жүйесіне редакция ұжымымен 36 дана журнал сыйға тартылды.
Кітапхананы, кітапты пайдалануда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратты алуына қолайлы жағдай жасау үшін кітапханамен «Шектеусіз кітапхана» жобасы дайындалып, жүзеге асырылды.
Қала күні кітапхана ұжымы «Ақсу катофель fest» фестиваліне қатысты. Мереке құрметіне лоторея (жауапты Орталықтандырылған кітапхана) өткізілді. Картоп-қуыршақтар мереке сәніне айналды. Сол күні 19 мың 254 үлес (4 тонна 250 килограмм) фри картобы дайындалып, әлемдік рекорд орнатылды. Ақсу қаласы Гиннес Рекордтар Кітабына енді.
Астана күнін мерекелеу құрметіне библиограф Е.Ю.Щипунова «Нұр Отан» АҚФ-ның Алғыс хатымен, «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» сайысында «Нұр Отан» АҚФ-ның бастауыш партия ұйымдарының арасында 100-ге жуық партия мүшелері бар категориясы бойынша 1 орынға ие болып дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Мәдениет қызметкерлері күніне орай балалар әдебиеті бөлімінің аға кітапханашысы Гаухар Амангелдіқызы Шарипова мен Евгеньевка ауыл кітапханасының кітапханашысы Екатерина Петровна Шарипова қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2016 жыл. 2016 жылдың ақпан айында қаламыз «Мәңгілік Ел» поезд қонақтарын қарсы алды. Кездесу барысында поезд қатысушылары қала тұрғындарына Қазақстан Халықтары Ассамблеясына арналған 21 кітап сыйлады.
«Замандарды байланыстыратын желі» жобасының шеңберінде «Ер есімі – ел есінде» 3 кітабы сыйға тартылды.
Шілде айында М.Омаров ауыл кітапханасында жергілікті ақын Әміре Дөрбетханның «Сындарлы саясат» кітабының тұсау кесуі өткізілді.
Қыркүйек айында Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Құрметті азамат, журналист Светлана Қондыкерованың «Жылдар жаңғырығы» кітабының тұсау кесуі өткізілді.
Сәуір айында алғаш рет «Оқитын автобус» акциясы өткізілді.
ОК директоры Р.Т.Зингер «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
2017 жыл. 2017-2018 жылдары «Кітапхана. Кітап. Отбасы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Павлодар Торайғыровты оқиды» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ақсу қаласының Орталық кітапханасы «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Орталық кітапхана О.Григорьеваның 60-жылдық мерейтойына арналған облыстық «Әлем ақын көзімен» атты буктрейлер сайысына қатысып, «Шығармашылық көзқарас» номинациясы бойынша сертификат табыс етілді.
Бірнеше жылдар қатарынан кітапхана Ардагерлер кеңесімен, «НҰР ОТАН» АҚФ-мен, Балалар Шығармашылық Үйімен, Тарихи-өлкетану музейімен, мектеп кітапханаларымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөілімімен, ішкі саясат бөлімімен, мәдени-бос уақыт орталықтарымен, қала емханасымен, Төтенше Жағдайлар бөлімімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Кітапхана адамдарды мәдениетке, оқуға тартуды насихаттау бойынша әр алуан бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырады. Әдеби мерекелер, әлеуметтік зерттеулер, тілдер айлығы, экология айлықтары, акциялар өткізіледі. Кітапхана күнтізбелер, ұсыныстық көрсеткіштер, әдістемелік, библиографиялық басылымдар, өзінің жеке электрондық басылымдары: «Сәбит Дөнентаев», «Қатыршат Шүлембаев», Ақсу қаласының 55-жылдығына арналған «Ақсу: кеше, бүгін, ертең» және басқа да мультимедиялық басылымдар шығарады. «РАБИС» бағдарламасында: «Кітаптар» ДБ, «Мақалалар» ДБ, «Толық мәтінді» ДБ электрондық каталогын құру бойынша жұмыс жасалады. Кітаптарды сандық форматқа көшіру жұмысы атқарылады. 2011-2017 жылдар аралығында 356 өлкетанулық сипаттағы кітаптар сандық форматқа көшірілді.
2017 жылы Орталық кітапхана сайтының жұмысы жаңартылды.