Бүгін: 05.11.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

21 қазан күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында жазушы, сатирик, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымбек Жұматовтың «Ленинград: от пен мұз» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Кітапта автор Екінші дүниежүзілік соғыстың аз зерттелген тұстарына назар аудара отырып, жаһандық қақтығыстың басталуындағы құпияларды ашады, маңызды тарихи және адамгершілік тақырыптарды көтереді. Басты кейіпкердің — өз әкесінің бейнесі арқылы Жұматов Ленинград қоршауы туралы әңгімелейді. Бұл — Ұлы Отан соғысының ең драмалық әрі қаһармандық кезеңдерінің бірі.

         Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен оқушылар қатысты. Кездесу барысында кітаптан үзінділер оқылып, автор туындыны жазу барысындағы әсерлерімен бөлісті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Ленинград: от пен мұз» — бұл тек көркем шығарма ғана емес, соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі мен қайсарлығын еске салатын тарихи маңызды туынды.