«МАСЛЕНИЦА-ҚҰЙМАҚ, КӨКТЕМНІҢ ТУҒАН КҮНІ»
- 325
15 наурызда Орталық кітапхана аумағында кітапхана қызметкерлері «Масленица - блинница, весны именинница» ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Аудиторияны Ақсу қаласының №7 ОМ 5 «А» сынып оқушылары құрады.
«БІЗ ӘЙЕЛДЕРДІ АРДАҚТАЙМЫЗ» ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
- 338
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5 наурыз күні Ақсу қ. ОК оқу залында «Родники» клубының мүшелерінің қатысуымен «Біз әйелдерді ардақтаймыз» атты поэтикалық кеш өтті. Бұл – біздің жүрегімізде сақталған барлық сезімдеріміз әлемдегі ең жақын, ең қымбат адамдарға аналарымызға, әжелерімізге алғыс сөздерімен көрінетін ерекше күн.
Осы күні жүргізушілер тарапынан барлық қатысқан әйелдерге жылы құттықтаулар мен өлеңдер оқылды. Қонақтардың назарына «Бар әлемді махабатқа бөлеген» тақырыптық көрме ұсынылды.
«БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ» ӘДЕБИ КЕШ
- 220
23 ақпанда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ақсу қ. ОК балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы А. Молдабай, Ақсу қаласының Ы.Алтынсарин ат. ОМ 5 «Ғ» сынып оқушылары үшін «Бердібек Соқпақбаев-балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Содан кейін балалар эмодзи арқылы автордың «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкерлерін табу ойынына қатысты.
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ӘЛІ ЕСІМІЗДЕ, БІЗ ӨМІР СҮРЕМІЗ»
- 132
13 ақпанда Ақсу қаласының орталық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Әлі есімізде, біз өмір сүреміз» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары ауған соғысының ардагерлері Әбуов Қалдыбек Нығманұлы мен Теміржан Темірбекұлы Омаров болды.
«КІТАП – КЕРЕМЕТ ЗАТ, ЕГЕР ОНЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНСАН» БИБЛИОМИКС
- 108
30 қаңтар күні Ақсу қаласының орталық кітапханасында Ақсу қаласының балабақшаларының қызметкерлері үшін «Кітап – керемет зат, егер оны дұрыс пайдалансан» библиомиксі өтті. Библиомикс үш команда арасындағы ойын түрінде өтті.
«ҰР, ТОҚПАҚ» ӘДЕБИ ВИКТОРИНА
- 109
19 қаңтар Ақсу қаласының Абай ат. ОМ дайындық сыныптарының балалары үшін Ақсу қ. ОК кітапханашысы А.Молдабай мен Дәметкен әже «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Ұр,Тоқпақ!» ертегісі бойынша әдеби викторина өткізді. Іс-шара барысында Дәметкен әже балаларға «Ұр, Тоқпақ!» ертегісіні оқыды, содан кейін балалар викторина сұрақтарына жауап берді..