Бүгін: 17.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

15 мамырда Ақсу қ. Орталық кітапханасында ақын Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлы дара дарыны – Сәбит Дөнентаев» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қаланың құрметті азаматтары, №4 ОМ және Құркөл ауылының С.Дөнентаев ат. ОМ педагогтары, қара металлургия колледжінің студенттері, қала мектептерінің ОМ оқушылары шақырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар слайд-шоу ұсынды: фотоматериал және Сәбит Дөнентаев туралы құжаттар.

6 мамырда Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Орталық кітапхана қызметкерлері кітапхана оқырмандары мен Ақсу гарнизонының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Уақыт пен естелік»» ерлік сабағын өткізді.

Шараға қатысушылар қаза тапқан батырларға құрмет көрсете отырып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

11 сәуірде орталық кітапханада археолог-ғалым, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан мұрасы» атты конференция өтті.

2024 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаға 38 жыл толады. Осы қайғылы күнге орай Орталық кітапханада Ақсу қ. №4 ОМ 10 сынып оқушылары үшін  «Чернобыль трагедиясы» еске алу сағаты өтті, іс-шараға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қонақ болды: М. К. Қабдынасыров, Р.Ж.Сахимова, К.Ж. Ракулова, Л.В. Чувгунова, Н.Г. Поликарпова.

Дәстүр бойынша наурыз айының соңында еліміздің кітапханаларында тамаша мереке — Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы өтеді. Балалар кітабының алғашқы аптасы Мәскеуде 1943 жылы наурызда Колонно залында өтті. Сол кезде Ұлы Отан соғысы жүріп жатты, бірақ осы қиын уақытта ересектер балаларға керемет мереке ұйымдастыра алды. Ол балалардың естерінде мәңгі қалды. Содан бері Балалар кітабы апталығы жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын еліміздің қалалары мен ауылдарында өтеді.